Қазақстан Елшісі Ғ. Сыздықбековтің Сербияның Сауда, туризм және телекоммуникация министрі Т.Матичпен кездесуі туралы

Қазақстан Елшісі Ғ. Сыздықбековтің  Сербияның Сауда, туризм және телекоммуникация министрі  Т.Матичпен кездесуі туралы

Белград, 2021 жылы 23 маусым – Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Республикасының Сауда, туризм және телекоммуникация министрі Татьяна Матичпен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы қатынастардың дәстүрлі достық сипатын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Өзара сауда мен туризмді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Министр Т.Матич пандемияның күрделі кезеңіне қарамастан, нақты жобаларды ілгерілету бойынша белсенді қызметі үшін Елші Ғ.Сыздықбековке алғыс білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша өзара тиімді бастамаларды іске асыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.