Қазақстан мен Сербия арасындағы спорт саласындағы өзара іс-қимылды күшейту туралы

Қазақстан мен Сербия арасындағы спорт саласындағы  өзара іс-қимылды күшейту туралы

Белград, 2021 жылғы 18 маусым – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Республикасының Спорт және жастар министрі Ваня Удовичичпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар спорт және жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Сербия Республикасының Спорт және жастар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды дайындық үдерісін талқылады.