Қазақстан Елшісі Ғ.Сыздықбековтің «EDePro» компаниясына сапары туралы

Қазақстан Елшісі Ғ.Сыздықбековтің «EDePro» компаниясына сапары туралы

Елшіліктің Сербиямен әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық әлеуетін зерделеу жөніндегі қызметі шеңберінде ү.ж. 24 наурызда Қазақстанның Елшісі Ғабит Сыздықбеков аталған сектордағы ең озық сербиялық кәсіпорындардың бірі - зымыран қозғалтқыштары мен зымыран отынын әзірлеуге және өндіруге маманданған «EDePro» компаниясына барды.

Сапар барысында Қазақстан Елшісі компания басшылығының өкілдерімен - директордың орынбасарлары Слободан Петковичпен, Предрагом Милошпен және Миливойе Поповичпен, сондай-ақ жетекші инженер Горан Мемонмен кездесу өткізді.

Ғ.Сыздықбеков «EDePro» қызметімен, сондай-ақ осы компанияның Петропавлдық «ПЗТМ» зауытымен ынтымақтастықта Қазақстанда 2018 жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқан жобамен танысты.

Сапар барысында қазақстандық дипломаттың назарына компанияның зертханалары, өндірістік цехтары мен сынақ полигондары ұсынылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Елшісі мен «EDePro» өкілдері іске асырылып жатқан бірлескен жобаны аяқтауға, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екендіктерін білдірді.