Қазақстан Елшісі Ғ.Сыздықбековтің Панчеводағы «Дунай» өзен портына баруы туралы

Қазақстан Елшісі Ғ.Сыздықбековтің  Панчеводағы «Дунай» өзен портына баруы туралы

Ү.ж. 18 наурызда Елшіліктің инвестициялық және сауда-экономикалық салалардағы қазақстан-серб ынтымақтастығын жандандыру жөніндегі қызметі шеңберінде, атап айтқанда, қазақстандық өнімді Сербия мен Батыс Балқан өңірі елдерінің нарығына жеткізудің баламалы логистикалық бағыттарын пысықтау мақсатында Қазақстан Елшісі Ғабит Сыздықбеков Панчеводағы ең ірі сербиялық «Дунай» өзен портына барып, оның бас директоры Джордже Михайловичпен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастықтың әлеуетін және жүктерді жеткізу құнын айтарлықтай арзандататын су көлік дәліздерін пайдалануға екі елдің бизнес өкілдерін тартудың ықтимал нұсқаларын талқылады.

Қазақстан мен Сербияның экономикалық және сауда қатынастарының даму перспективаларын ескере отырып, логистика саласындағы өзара іс-қимыл нақты тұрғыдан екіжақты сауданы едәуір жандандыруға және инвестициялық ынтымақтастықты ынталандыруға қабілетті болып отыр.