Белград қаласында «Қазақ-серб достығы аллеясы» ашылды

Белград қаласында «Қазақ-серб достығы аллеясы» ашылды

Ү.ж. 1 наурызда Сербия астанасында «Қазақ-cерб достығы аллеясы» ашылды.

Қазақстан Елшілігі Белград қаласының мэриясымен бірлесіп «Белградқа арналған ағаш» экологиялық бастамасына қатысты.

«Зеленило – Београд» компаниясының техникалық қолдауымен жаңа Белградта қазақ ақыны Жамбыл Жабаев ескерткішінің жанында қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар аллеясы отырғызылды.

Бұл игі акцияны Қазақстан достары клубының мүшелері белсенді қолдап, көмек көрсетті.

Бұл «Серб банктерінің қауымдастығы» және оның басшысы – Владимир Васич, сондай-ақ «Адвентис» компаниясы және оның директоры – Эрвин Пашанович.

Жобаны іске асыру Сербияның әсем астанасын көгалдандыруға ғана емес, елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға да қызмет етеді.

Бұл аллея Қазақстан Елшілігі осы айтулы жыл ішінде Сербияда жобалаған үш жасыл бақтың алғашқысы болып табылады.

Жақын арада Златибор округінің орталығы – Ужице қаласында Қазақстан-Сербия достық саябағын және Белградтағы Дунай мен Сава өзендерінің сағасында «Қазақстан» аллеясын ашу жоспарлануда.