Қазақстанның Сербиядағы Елшілігінің қазақстандық және сербиялық компанияларға арналған вебинарға қатысуы туралы

Қазақстанның Сербиядағы Елшілігінің қазақстандық және сербиялық компанияларға арналған вебинарға қатысуы туралы

Ү.ж. 29 қаңтарда Қазақстанның Сербиядағы Елшілігі Дүниежүзілік Банктің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі іске асырып жатқан Өнім берушілерді дамыту жобасы аясында «Euroconsultants SA» компаниясы ұйымдастырған вебинардың жұмысына қатысты.

Вебинар жұмысына экономиканың түрлі секторларындағы Қазақстан мен Сербия компанияларының 30-дан астам өкілдері қатысты. Олардың назарына Сербиядағы экспортқа бағдарланған жобаларды мемлекеттік қолдау тәжірибесі туралы ақпарат ұсынылды.

Қазақстан Елшілігі өз кезегінде жиынға қатысқан бизнесмендерді экономикалық бағытта жинақталған жұмыс тәжірибесі туралы хабардар етті, екі ел ынтымақтастығының әлеуеті және өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарына қатысты пайымдарымен бөлісті.