Қазақстан Елшісі Ғ.Сыздықбековтің сербиялық компанияларға жұмыс сапарлары туралы

Қазақстан Елшісі Ғ.Сыздықбековтің сербиялық компанияларға жұмыс сапарлары туралы

Ү.ж. 26 қаңтарда Қазақстан Елшісі Ғабит Сыздықбеков «KLEEMANN LIFTOVI», «ARMONT» және «Zelenihit» компанияларында болды.

 «KLEEMANN LIFTOVI» (лифт өндірісі) басшылығы қатысқан келіссөздер барысында оның коммерциялық директоры Игор Симонович компанияның құрылу тарихы, қазақстандық серіктестерімен ынтымақтастық тәжірибесі туралы айта келіп, өндірілетін өнімнің түрлерімен таныстырды.

«ARMONT» (қасбет өндірісі) компаниясының директоры Деян Славули Қазақстан Елшісімен кездесуде компанияның өндірістік әлеуеті туралы әңгімелеп, тұрғын үйлер мен түрлі мақсаттағы үй-жайларды салу кезінде қолданылатын замануи қасбеттер дайындау процесімен таныстырды.

 «Zelenihit» (бау-бақша және интенсивті өсімдік шаруашылығы) компаниясының негізін қалаушы профессор Небойша Момирович кәсіпорын қызметінің таныстырылымын өткізді, сондай-ақ жеміс-жидектер нарығындағы жұмыс қағидаттарына шолу жасады. Компанияның жылыжай кешенін көрсетіп, оның  өндірістік базасымен таныстырды.

Бұл компанияның ерекшелігі – өздерінің ғылыми әзірлемелері нәтижелерін іс тәжірибесіне енгізу.

Ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен әлеуетін талқылау шеңберінде жоғарыда аталған компаниялар басшылығының жергілікті нарықты зерттеу және ықтимал әріптестерімен ынтымақтастық орнату үшін Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.