Қазақстан мен Сербия цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

Қазақстан мен Сербия цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

2026 жылғы 2 шілде, Белград – Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігі сербиялық цифрлық технологиялар саласының сарапшысы Иван Милькичпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу, инновациялар мен цифрлық коммуникациялар салаларындағы екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын бірлескен бастамаларды іске асыруға бағытталған.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәди Атамқұлов Иван Милькичті Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды цифрлық реформалармен, электрондық үкіметті дамытудағы жетістіктермен, мемлекеттік цифрлық сервистерді енгізу тәжірибесімен, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын экономиканың түрлі салаларында практикалық қолдану бағыттарымен таныстырды.

Қол қойылған меморандумға сәйкес Иван Милькич Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігінің штаттан тыс цифрлық кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл мәртебеде ол цифрлық трансформация саласындағы жобаларды сараптамалық сүйемелдеумен айналысып, инновациялық шешімдерді ілгерілетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Сербия арасындағы цифрлық технологиялар саласындағы кәсіби және іскерлік ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады.