Қазақстандық жас футболшылар Сербияның футбол мәдениетімен танысты

Қазақстандық жас футболшылар Сербияның футбол мәдениетімен танысты

Қазақстанның футбол академияларының тәрбиеленушілері - «Ордабасы» ФК (Шымкент), «Атырау» ФК, «Каспий» ФК (Ақтау) және «Айбын» (Астана) - ү.ж. 12-14 маусым кезеңінрде Белград қаласында өткен Dragan Mance Cup халықаралық балалар футбол турниріне қатысты.

Турнирде «Ордабасы» футбол клубының командасы ерекше жетістікке қол жеткізіп, қатысқан 48 команданың арасында 4-орынға ие болды. Бұл - қазақстандық жас футболшылардың жоғары дайындық деңгейін көрсететін маңызды нәтиже.

Спортшыларды, жаттықтырушыларды және команда басшыларын осы жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз.

Қазақстандық командалардың турнирге қатысуы сербиялық футбол қайраткерлері В. Рыбич, Г.Станоевич және
И.Пиричтің белсенді спорттық дипломатиясы мен қолдауының арқасында мүмкін болды. Олар Қазақстан мен Сербия арасындағы спорттық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосты.