Сербиялық компаниялар Қазақстанға инвестиция салуға қызығушылық танытуда

Сербиялық компаниялар Қазақстанға инвестиция салуға қызығушылық танытуда

2026 жылғы 31 наурыз, Белград – Қазақстан Республикасының Сербиядағы Елшісі Мади Атамқұлов Mambikom Agrar және Korali компанияларының басшылығымен кездесу өткізді.

Mambikom Agrar компаниясының басшысы В.Тесламен өткен кездесуде тараптар Қазақстанда жеміс-жидектерді мұздату зауытын салу жобасының қазіргі жағдайы мен оны жүзеге асырудың алдағы қадамдарын талқылады.

Сербиялық кәсіпкер жобаға инвестиция салу ниетін растады және Қазақстандағы серіктестермен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді. Осы тұрғыда өзара іс-қимылдың негізгі кезеңдері келісілді.

Елші мен Mambikom Agrar басшылығы жобаның Қазақстандағы агроөнеркәсіптік секторын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және Қазақстан мен Сербия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан перспективалы екеніне сенім білдірді.

Korali компаниясының басшылығымен өткен кездесуде серб тарапы қалаларды абаттандыру бойынша шешімдерін ұсынды.

Korali Қазақстандағы серіктестермен бірлесе отырып, өңірлік нарықтарға шығу үшін өз өнімдерінің өндірісін шоғырландыруға дайын екенін білдірді.