
Құрметті Отандастар!
2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын қабылдау мәселесі бойынша Республикалық референдум өтетіндігін хабарлаймыз.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Белград қаласындағы Елшілігінде сайлау учаскесінің болмауына орай, Сербия Республикасының аумағында тұрақты тұратын және уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына өздерінің дауыс беру құқықтарын жақын орналасқан мемлекеттердегі ҚР елшіліктерінде жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі.
Дауыс беру 2026 жылғы 15 наурызда (жексенбі) жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.
Дауыс беру күні қолдарыңызда Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болуы тиіс.
Өтетін референдум туралы толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтынан (www.election.gov.kz) табуға болады.