
Белград, 2026 жылғы 3 ақпан – Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мади Атамқұловтың Сербия Әділет министрі Ненад Вуичпен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері мен құқықтық жүйені дамытудың өзекті бағыттары талқыланды.
Келіссөздер аясында тараптар өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды мәселелер, оның ішінде халықаралық-құқықтық ынтымақтастық бойынша пікір алмасты.
Елші М.Атамқұлов әңгімелесушіні Қазақстандағы қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа туралы хабардар етті.
Өз кезегінде, Н.Вуич те Сербияда ағымдағы және жоспарланған реформалар жөнінде баяндап, Сербия Республикасы Әділет министрлігінің Қазақстан Республикасымен екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға әзірлігін ерекше атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растап, тәжірбиелік өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.