Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 2021 ж. 21 қазан – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 11 қаңтарға белгіленді.

Жарлыққа қол қойғаннан кейін Мемлекет басшысы өзінің үндеуінде алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес өтетінін, ал оның заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылауды Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура жүргізіп отыратынын атап өтті.

Президент «жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылдағанын» ескертті.

Атап айтқанда, «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңға парламенттік оппозиция институтын құруды көздейтін түзетулер енгізілді. «ҚР сайлау туралы» конституциялық заңына және «Саяси партиялар туралы» заңына парламенттік тәжірибеде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квотаны енгізуді қарастыратын өзгерістер енгізілді.

Алдағы мәслихаттар сайлауы  алғаш рет партиялық тізім бойынша өтеді. Бұл әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сай келеді және саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етіп, саяси партиялардың жұмысын жандандырады.

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа сілтеме: https://www.akorda.kz/kz/legal_acts/decrees/kazakstan-respublikasy-parlamenti-mazhilisi-deputattarynyn-kezekti-sailauyn-tagaiyndau-turaly

Мемлекет басшысың үндеуіне сілтеме: http://www.akorda.kz/kz/speeches/internal_political_affairs/in_speeches_and_addresses/memleket-basshysynyn-kr-parlamenti-mazhilisi-zhane-maslihat-deputattary-sailauyn-tagaiyndau-turaly-undeui