Белград, 2025 жылғы 25 қазан - Қазақстанның ұлттық мерекесі - Республика күніне орай Сербия астанасының ең биік ғимараты - қаланың символына және жаңа сәулеттік нышанына айналған Белград мұнарасында Қазақстанның көгілдір туы бейнеленді.
168 метрлік бұл мұнара өткен жылы қаланың жаңа экономикалық және мәдени орталығы - «Судағы Белград» кешенінде ашылған болатын. Мұнара маңындағы жаяу жүргіншілер аймағы серб астанасының тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше туристтік орталыққа айналды.
Қазақстанның көгілдір туының бейнесі қаланың көптеген аудандарынан көрініп тұрды.