Белград, 2025 жылғы 12 қазан – Этно-фольклорлық «Туран» ансамблі мен «Қазақконцерт» ұйымының музыканттары өздерінің «Ұлы Даланың әуендері» атты Балқан турнесін Сербия астанасы Белград қаласында бастады.
Домбыраның төл күйлері, халық аңыздары, сондай-ақ, Қазақстан мен әлем классиктерінің туындылары Сербияның бай музыкалық дәстүрімен танымал «Коларац» концерт залында шырқалды.
Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының күніне арналды. Оған Сербияның саяси өкілдері, дипломатиялық корпус, ғылыми және академиялық қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, бизнес өкілдері, БАҚ, мәдениет және спорт қайраткерлері қатысты.
Мәдени іс-шарада сондай-ақ, Қазақстанның көрнекті әйелдеріне арналған фотокөрме ұсынылды. Серб көрермендері қазақ музыканттарының өнерін үлкен жылы қошеметпен қабылдады. Концерттік турне Ужице және Вранье қалаларындағы концерттермен жалғасады.