Қазақстандық жас футболшылар Сербияға келды

Қазақстандық жас футболшылар Сербияға келды

Қазақстан қалаларының үш футбол академиясының тәрбиеленушілері Шымкент – "Ордабасы", "Оңтүстік", Көкшетау - "Оқжетпес" футбол клубы академиясы ү.ж. 13-15 маусым аралығында Белградта өткен Dragan Mance Cup (Сербия) балаларға арналған футболдан халықаралық турнирге қатысты.

17 маусымда қазақстандық командалардың "Црвена Звезда" Академиясына және жергілікті "Гладиатор"командасына қарсы жолдастық сипаттағы матчтары ұйымдастырылды.

Белградқа сапары аясында балалар Сербия футболының флагмандары мен еурокубоктардың тұрақты қатысушылары – "Црвена Звезда" ФК мен "Партизан" ФК стадиондарына барды.

Қазақстандық командалардың жарысқа қатысуы сербиялық футбол функционерлері Владимир Рыбич, Горан Станоевич және Ивиц Пиричтің белсенді спорттық дипломатиясының арқасында мүмкін болды.

Жыл сайын Сербия астанасы Белград әйгілі сербиялық футболшыны, Партизан ФК мен Югославия құрамасы Драган Манзені еске алуға арналған Dragan Mance Cup халықаралық турнирінде Еуропаның түкпір-түкпірінен жас футболшыларды қабылдайды.