Меню

Страницы

Статья

Екіжақты ынтымақтастық

Жалпы ақпарат

1996 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Югославия Одақтық Республикасы (Сербия – құқықтық мирасқоры) арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2011 жылғы маусымда Астанада Сербияның Елшілігі ашылды.

2015 жылғы маусымда Белград қаласында Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігінің бөлімшесі ашылды, Қазақстан Республикасының Сербиядағы Құрметті консулы тағайындалды (Сербия Парламентінің депутаты М.Карич).

2017 жылғы 30 мамырдан бастап Сербияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін В.Матич атқарып келеді.

2019 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігін ашу туралы ҚР Президентінің Жарлығына қол қойылды.

2019 жылғы қыркүйекте Қазақстанның Сербиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде Ғабит Сыздықбеков тағайындалды.

Саяси қатынастар

Екі ел арасындағы саяси қатынастар өзара түсіністік пен сенім атмосферасында дамып келеді. Халықаралық саясаттың маңызды проблемалары бойынша тараптардың ұстанымдары жақын немесе сәйкес келеді.

Сербия Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету туралы және Астанада «ЭКСПО-2017» өткізу туралы өтінішіне қолдау көрсетті, сондай-ақ, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдады.

Қазақстан өз тарапынан Сербияның БҰҰ Бас ассамблеясының 2012-2013 жж. 67-ші сессиясында төрағалығына, сонымен қатар БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) Тұрғын халық және даму комиссиясына 2014 жылғы кандидатурасын қолдады.

Қазақстан мен Сербия саяси диалог жүргізуде. Екі елдің Парламенттерінде «Достық топтары» жұмыс істеуде. Екі ел депутаттарының кездесулері жыл сайын өткізіліп тұрады.

Жоғары деңгейдегі сапарлар:

2010 жылғы 6-7 қазан – Сербия Президенті Б.Тадичтің Қазақстанға алғашқы ресми сапары.

2015 жылғы 8 мамыр – Президенттер Н.Назарбаев пен Т.Николичтің кездесуі (Мәскеу қ.).

2015 жылғы 27-29 тамыз – Президент Т.Николичтің Қазақстанға ресми сапары.

2016 жылғы 23-25 ​​тамыз – Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Сербияға алғашқы ресми сапары.

2017 жылғы 9 маусым  – Сербия Президенті А.Вучич «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатты рәсіміне қатысты.

2018 жылғы 9-10 қазан – Сербия Президенті А.Вучичтің Қазақстанға ресми сапары.

Үкімет басшылары деңгейіндегі сапарлары

2016 жылғы 14-16 қараша – СР Премьер-Министрі А.Вучичтің Қазақстанға ресми сапары.

Сыртқы істер министрлерінің деңгейіндегі байланыстары

2011 жылғы 17-18 қараша – РС Сыртқы істер министрі В.Еремичтің Қазақстан Республикасына ресми сапары.

2015 жылғы 3-4 желтоқсанда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері Саммитінің отырысына қатысты (Белград).

2017 жылғы 11 желтоқсанда – СР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары – Сыртқы істер министрі И.Дачичтің Қазақстанға жұмыс сапары.

2018 жылғы 6 желтоқсанда – ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың СР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары – Сыртқы істер министрі И.Дачичпен кездесуі (Миланда, ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері Саммитінің аясында).

Дата публикации
29 марта 2020
Дата обновления
29 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
22 апреля 2024
Құжаттарды заңдастыру
22 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Instagram

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары