Маронит шіркеуінің патриархы діндер көшбасшыларының Съезіне қатысуға қызығушылық танытты

Маронит шіркеуінің патриархы діндер көшбасшыларының Съезіне қатысуға қызығушылық танытты

18 наурызда Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы Маронит-католик шіркеуінің патриархы Бешара Бутрос Ар-Раймен кездесті. Әңгімелесу барысында конфессияаралық саладағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ мәдениеттер мен өркениеттер диалогын ілгерілету мәселелері талқыланды. Осыған орай Патриархқа Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың атынан ағымдағы жылдың қыркүйек айында Астанада өтетін VIII Съезге қатысуға шақыру табыс етілді. Елші Съездің тарихы, оның мақсаттары мен міндеттері туралы баяндап берді. Бұл Маронит шіркеуі басшысының Съезге алғашқы қатысуы болатыны ерекше атап өтілді.

Өз кезегінде ғаламдық Католицизмде үлкен ықпал мен абыройға ие патриарх Б.Бутрос Ар-Рай шақыру үшін ризашылығын білдіріп, Съезд жұмысына қатысуға қызығушылық танытты. Ол Қазақстанның дінаралық және өркениетаралық диалогты нығайтудағы рөлін жоғары бағалап өтті.

Бешара Бутрос Ар-Райи Антиохия және бүкіл Левант Маронит шіркеуінің Патриархы болып табылады. 2012 жылы Рим Папасы Бенедикт XVI Б.Ар-Райды кардинал етіп тағайындады.