Ливан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына қосылу мүмкіндігін қарастыруда

Ливан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына қосылу мүмкіндігін қарастыруда

17 наурызда Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы Ливан Сыртқы істер және эмигранттар министрлігі Халықаралық ұйымдар департаментінің директоры Хусейн Хайдармен кездесу өткізді.

Әңгімеде Қазақстан мен Ливан арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастық, сондай-ақ Ливанның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына (АҚИҰ) қосылу мәселесі талқыланды. Елші Қазақстанның бастамасымен құрылған АҚИҰ-ның тарихы, оның мақсат мен міндеттері, Ұйым Жарғысы бойынша ақпарат берді.

Ливан дипломаты қазіргі уақытта бұл мәселе мүдделі мемлекеттік органдармен қарастырылып жатқанын атап өтіп, азық-түлік қауіпсіздігі Ливан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылатынына орай өз елінің АҚИҰ-ға қосылу мүмкіндігіне үміт артты.