19 тамызда Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы осы елдің Сыртқы істер және эмигранттар министрлігінде Экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры Рана Муқаддаммен кездесті. Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Ливан арасындағы саяси диалогты жандандыру, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және іскерлік байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Атап көрсеткенде екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, Қазақстан мен Ливан іскер топтарының байланыстарын кеңейтуге және өзара мүдделі салалар бойынша практикалық ынтымақтастықты ілгерілетуге ерекше назар аударылды.