Ливандағы Қазақстан азаматтарының назарына. Парламент сайлауы туралы

Ливандағы Қазақстан азаматтарының назарына. Парламент сайлауы туралы

Құрметті отандастар!

Сіздерді 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының  Парламенті – Құрылтай сайлауына қатысуға шақырамыз (7.00-20.00 аралығында). Сайлау 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдумда жаңа Конституцияның қабылдануына және 1995 жылғы Конституцияға сәйкес құрылған Парламенттің өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты өткізіледі.

Негізгі өзгеріс Сенат пен Мәжілістен тұрған Парламенттен бірыңғай бір палаталы заң шығарушы органға көшуде болып отыр. Құрылтай бес жылдық мерзімге партиялық тізімдер негізінде сайланатын 145 депутаттан тұрады. Бұл модель заң шығару үдерісін жеделдетуге, депутаттардың жауапкершілігін арттыруға және партиялар арасындағы бәсекелестікті күшейтуге бағытталған.

«Құрылтай» атауы қазақ халқы үшін терең тарихи мәнге ие. Ғасырлар бойы Құрылтай мемлекет тағдырына қатысты тағдырлы шешімдер қабылданатын жалпыхалықтық жиын болған. Парламенттің жаңа атауы Қазақ мемлекеттілігінің сабақтастығын, Ұлы Дала тарихи мұрасына құрметті және мемлекеттік шешімдерді қабылдаудағы халық өкілдігін айқындайды.

Тіркеу талаптары мен заңнама нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жеті саяси партияның партиялық тізімдерін сайлауға қатысуға тіркеді. Сайлау бюллетенінде олар мынадай ретпен орналастырылады: «Әділет» партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП), Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, Қазақстан Халық партиясы (ҚХП), «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы және «Respublica» партиясы. Барлығы партиялық тізімдерге 145 депутаттық мандатқа үміткер 545 кандидат енгізілген.

Алдағы сайлау Қазақстанды жаңғыртудың маңызды кезеңі болып табылады. Реформалардың негізгі мақсаттары – Әділетті Қазақстан қағидаттарын, заң үстемдігін, азаматтардың әл-ауқатын, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нығайту, мемлекеттік институттардың есептілігін арттыру және азаматтардың елді басқару ісіне қатысуын кеңейту.

Біздің мекен-жайымыз: Метн, Бсалим, Эл-Мажзуб-1 көшесі, 52-ғимарат. Сайлауға атсалысу – әрбір азаматтың конституциялық құқығы ғана емес, сонымен бірге еліміздің болашағына қосатын маңызды үлесі.

 

Саяси партиялардың сайлауалды бағдарламаларымен төмендегі сілтемелерде танысуға болады:

 https://adilet-partiyasy.kz/ru/kurultai/program

https://osdp.kz/ru/programma

https://baytaq.kz/ru/program

 https://halykpartiyasy.kz/programma

https://salem.su/news/2026/08/05/o-predvybornoj-programme-partii-auyl-na-vyborax-v-kurultaj/