Қазақстан мен Ливанның гуманитарлық ықпалдастығы нығаюда

Қазақстан мен Ливанның гуманитарлық ықпалдастығы нығаюда

27 шілдеде Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы осы елдің белгілі қоғам қайраткері және  «Джамият Әл-Фитр» ұйымының басшысы Салех Халедпен кездесті. Сұхбат барысында өзара  байланыстардың бүгінгі жай-күйі мен оларды ілгерілетудің көкжиектері талқыланды. Атап көрсеткенде Қазақстанның Ливанмен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту маңызы, осы мақсатта танымдық форумдар мен бірлескен ақпараттық жобаларды ұйымдастыру мүмкіндіктері сөз етілді. Сондай-ақ  екі елдің ортақ мәдени құндылығы болып табылатын Мәмлүктер мұрасын оқып-зерттеу, әсіресе сол замандағы ірі орталық саналған Триполи қаласымен бүгінде жан-жақты қатынастар орнату жолдары қаралды.