Ливандық “EastMed Invest” Қазақстанға қызығушылық танытуда

Ливандық “EastMed Invest” Қазақстанға қызығушылық танытуда

28 сәуірде Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы “EastMed Invest” компаниясының басшысы Мади Абраомен кездесті. Сұхбат барысында Қазақстан мен Ливанның іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту, оның ішінде Қазақстанның инвестициялық әлеуетін Ливан және өңірлік бизнес қауымдастықтары арасында ілгерілету мәселелері талқыланды.

Елші Қазақстан мен Ливан арасындағы экономикалық күн тәртібін жандандыруға мүдделілік білдіріп, екі елдің ынталы инвесторлары, компаниялары және профильдік құрылымдары арасында байланыс орнатуға жан-жақты қолғабыс көрсетуге дайын екенін атап өтті. Аталған мақсатта  Қазақстанның Ливандағы имиджін ілгерілету, оның ішінде медиа және ақпараттық алаңдар арқылы таныстыру мәселелері қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Ливан арасындағы инвестициялық, сауда-экономикалық және ақпараттық бағыттарда өзара іс-қимылды кеңейтуге әрі пысықтауға уағдаласты.