Ливандағы Қазақстан азаматтарының назарына

Ливандағы Қазақстан азаматтарының назарына

Құрметті отандастар,

          Ливандағы жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты осы елдегі Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз ұстануға, жергілікті билік органдарының барлық нұсқауларын қатаң сақтауды қоса алғанда, қажетті сақтық шараларын қабылдауға тағы да шақырамыз.  Оңтүстік пен Бекаа жазығындағы және Бейруттың оңтүстігінде тұратын азаматтарға ахуал оңалғанша салыстырмалы түрде қауіпсіз саналатын елдің  орталық және солтүстік өңірлеріне уақытша көшу және халықаралық рейстер барында Ливаннан кете тұру мәселелерін қарастыруға кеңес беріледі.