Ливандағы Қазақстан азаматтарының назарына
Құрметті отандастар,
Таяу Шығыстағы жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты Ливандағы Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік талаптарын ұстануға шақырамыз. Атап айтқанда жергілікті билік орындарының тиісті нұсқаулықтары шығатын болса, оларды мүлтіксіз орындап, ел ішіндегі жүріс-тұрысты мейлінше азайтқан жөн.
Сонымен қатар оңтүстік аудандар, Бекаа алқабы және Бейруттың оңтүстік бөлігіне бармауға кеңес беріледі және Ливандағы Қазақстан Республикасының Елшілігімен байланыста болу сұралады.
Ливандағы Қазақстан азаматтары үшін жедел желі нөмірлері:
+961 4713467, +961 4713447, + 961 76 850317