Бейруттағы Американдық Университетте кездесу өтті

Бейруттағы Американдық Университетте кездесу өтті

25 ақпанда Ливандағы Қазақстан Елшісі Расул Жұмалы жергілікті маңдай алды жоғарғы оқу орындарының бірі – «Ғылым және технологиялар Американдық Университетінде» өткен сыртқы саясат саласындағы сарапшылар арасында өткен панельдік пікірталасқа қатысты. «Дипломатия тілі», «Саясаттаға БАҚ орны» тақырыптарында өрбіген таақы барысында Елші еліміздің сыртқы саясаттағы жетістіктері туралы баяндады, қатысушы сарапшылар мен Университет студенттерінің сұрақтарына мазмұнды жауап қайтарды.