Ливан зиялыларымен кездесу

Ливан зиялыларымен кездесу

Ливандағы байырғы да беделді зияткерлік ұйым - "Antelyas" орталығында Қазақстанға арналған басқосу өтті. Жиынға жергілікті оқу-ағарту, ғылым, баспасөз салаларының көрнекті өкілдері қатысты. Қатысушылар алдында Отанымыздың кешегісі мен бүгіні, Араб әлемімен байланыстарының жай-күйі мен өзекті мәселелері жайлы баяндама жасалды. Соңынан орын алған сұрақ-жауап және пікір алмасу бөлігінде ливандық зиялылар Қазақстанның, жалпы Орталық Азияның тарихы, мәдениеті, қазіргі таңдағы күрделі геосаяси жағдайы тұрғысынан жақсы хабардар екенін танытып екі арадағы ынтымақтастықты жандандыруға мүдделігін және атсалысатынын жеткізді.