
Қазақстан мен Ливанның сан-алуан қарым-қатынастарының аясында 4 қаңтарда Бейрут қаласында Батыс Азия баскетбол суперлигасы халықаралық турнирі шеңберіндегі қазақстандық BC Astana командасы ливандық Sagesse клубымен кездесті. Тартысты әрі тартымды өткен ойынның нәтижесінде қазақстандық спортшылар 104:102 есебімен жеңіске жетіп, турнирлік кестеде көш бастады. Алдағы уақытта «Астана» командасы Бейрут қаласында ливандық Al Riyadi Beirut және сириялық Al Wahda Damascus ұжымдарымен кездеседі.