
5 қаңтарда Ливандағы Қазақстан Елшісі Расул Жұмалы жергілікті ірі бұқаралық ақпарат құралы – OTV телеарнасына сұхбат берді. Тікелей эфирде өткен 30 минуттық бағдарлама барысында Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы, конституциялық реформалар, инвестициялық және туристік әлеуеті, сондай-ақ Араб әлемімен байланыстары кеңінен талқыланды. Сұхбат Ливан жұртшылығына Қазақстанның жетістіктері мен сыртқы саяси басымдықтарын таныстыруға мүмкіндік берді.
https://youtu.be/cum-CA1DS7s?si=-9gsTpggScvxjxnZ