АҚИҰ Бас директорының Ливанға сапары туралы

АҚИҰ Бас директорының Ливанға сапары туралы

21-23 қаңтарда Ливанға Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Б.Арынның жұмыс сапары жүзеге асты. Сапар аясында Ливанның Ауыл шаруашылығы министрі Низар Ханимен және Сыртқы істер министрлігінің халықаралық ұйымдар мәселелері жөніндегі департаментінің бас директоры Салим Баддурамен кездесулер өтті.

Кездесулер барысында Ливанның АҚИҰ-мен ықпалдастығын нығайту және елдің Ұйымға қосылу мәселелері талқыланды. Ливан тарапы АҚИҰ қызметіне жоғары қызығушылық білдіріп, ықтимал мүшеліктің практикалық нәтижелерін нақтылау, сондай-ақ Ұйыммен жобалық әріптестіктің басым бағыттарын айқындайтын тұжырымдамалық материалдарды әзірлеудің маңызын атап өтті.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Ливан арасындағы аграрлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша өзара сауданы кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.