Ливан спортшыларының Қазақстанға сапары

Ливан спортшыларының Қазақстанға сапары

Ливандағы танымал “Sagesse” баскетбол клубы 19-20 қарашада Астанаға жол тартуы жоспарланған. Мақсаты - осы спорт түрінен өтетін Батыс Азия Супер лигасының жарыстарына қатысу. Сапар барысында Таяу Шығыс елдерінде баскетболдан жетекші спорттық клуб саналушы  “Sagesse”  отандық “Астана” тобымен күш сынасады. Аталған шара Қазақстан мен Ливан арасында түрлі салаларда кеңейіп келе жатқан қарым-қатынастардың кезекті көрінісі болып табылады.  Сапар алдында Қазақстанның Бейруттағы Елшісі Расул Жұмалы ливандық клубтың Бас менеджері Халил Аунмен және топ мүшелерімен кездесіп оларға Ақ жол тіледі.