БҰҰ форумында Орталық Азияның экологиялық түйткілдеріне мән бөлінді

БҰҰ форумында Орталық Азияның  экологиялық түйткілдеріне мән бөлінді

7-8 қазанда Бейрутта Біріккен Ұлттар Ұйымының Азияға арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ESCWA), Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ESCAP), сондай-ақ Швеция Үкіметінің ұйымдастыруымен «Құм және шаң дауылдарымен күрес саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты нығайту» айдарымен конференция өтті. Оның жұмысына Азия, Таяу Шығыс, Еуропа және Африка елдерінің үкіметтік құрылымдарының, халықаралық және өңірлік ұйымдардың, ғылыми мекемелер мен жеке сектордың өкілдері қатысты. Жиын барысында жасаған баяндамасында Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы Орталық Азия елдерінің, оның ішінде Қазақстанның шөл және жердің тозу үрдістерімен күрес саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, осы бағытта жүзеге асырылып жатқан бағдарламалармен таныстырды. Солардың қатарында Солтүстік Аралды қалпына келтіру, орман-мелиорациялау және экожүйелердің төзімділігін арттыру жобалары қамтылып жаһандық маңызға  ие түйткілді тарқатуда халықаралық қолдау көрсету қажеттілігіне ерекше назар аударылды.