Қаламунда Қазақстанға қызығушылық танытты  

Қаламунда Қазақстанға қызығушылық танытты  

24 қыркүйекте Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы болу елінің солтүстігіндегі Қаламун қаласына арнайы сапармен барып қайтты. Осында өткен кездесуде шаһардың әкімі Рауад Әл-Хелу Мұсылман әлеміндегі Қазақстан сынды өзіндік орны мен ықпалы бар елмен жан-жақты ынтымақтастық құруға құлшыныс танытты. Өз кезегінде тарихи тұрғыдан Ливандағы сауда және мәдени орталықтардың бірі саналатын Қаламун бүгінде саяхатшылық, қолөнер, ауылшаруашылық өнімдерін шығару, сондай-ақ ғылым мен білім салаларында айтарлықтай жетістіктерімен белгілі. Өз кезегінде Қазақстанның дипломаты еліміздің сан салалы мүмкіндіктері, екіжақты ықпалдастықты алға бастыру ісіндегі басым бағыттар бойынша ақпаратпен бөлісті.