9 маусымда Бейрутта Қазақстан Елшісі Расул Жұмалы Ливандағы Армян шіркеулерінің рухани көсемі Арам Біріншімен кездесті. Сұхбат барысында қазіргі адамзат өркениетінде діннің алып отырған рөлі, сан алуан сенім-нанымдардың арасындағы түсіністік орнатудың маңызы бойынша пікір алмасылды. Ливан ғана емес, дүние жүзіндегі армяндарының көрнекті қайраткері болып табылатын Арам Бірінші бүгінгі күнде түрлі аймақтық түйткілдерді реттеуде Қазақстанның жылдан жылға өсіп келе жатқан салмағын атап өтті. Осы ретте ол тиісті игі бастамалардың қатарында Астанада өтетін Әлемдік діндер көшбасшыларының съезіне қызығушылық танытты.