«Xinxing Group» компаниясымен ынтымақтастық келешектері талқыланды

«Xinxing Group» компаниясымен ынтымақтастық келешектері талқыланды

Бейжің, 2025 жылғы 12 наурыз – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде ҚР Елшілігінің Кеңесші-уәкілі Асқар Шалқарбаев «Xinxing Group» Партком хатшысы және Директорлар кеңесінің Төрағасы Чжан Цзяньмен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар ағымдағы ынтымақтастықты, перспективалық жобалар мен инфрақұрылым және электрондық сауда салаларындағы өзара іс-қимылды тереңдету мүмкіндіктерін талқылады.

Чжан Цзянь компанияның қазақстандық нарықта, оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларға өзінің қатысуын одан әрі кеңейтуге мүдделілігін растады.