Қытайлық БАҚ Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың мазмұнымен танысты

Қытайлық БАҚ Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың мазмұнымен танысты

Бейжің, 2024 жылғы 19 сәуір – Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінде жетекші Қытайдың БАҚ өкілдері үшін баспасөз брифингі өтті.

Іс-шара барысында ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев қатысушыларды адам құқықтарын қамтамасыз етуді күшейту, заң үстемдігін нығайту және мемлекеттің экономикалық жүйесін ілгерілету жөнінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды демократиялық реформалармен егжей-тегжейлі таныстырды.

Ш.Нұрышев елімізде қабылданған шаралардың арқасында билік тармақтары арасында оңтайлы теңгерім қамтамасыз етілгенін, «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін үкімет» формуласы тамыр жайғанын, саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілгенін және сайлау үдерісі жетілдірілгенін, әйелдер, жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін сайлау партиялық тізімдеріне және парламенттік мандаттарды бөлу кезінде квота енгізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, ол әділдікті, инклюзивтілікті және прагматизмді қамтитын Қазақстанның жаңа экономикалық бағытының негізгі қағидаттары туралы ҚР Президентінің Жолдауының мазмұнына баса назар аударды. Үкімет қолайлы инвестициялық ахуал мен іскерлік ортаны қалыптастыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқаны атап өтілді.

Сондай-ақ, тілшілерге мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және құрылымдылық негіздерін жетілдіретін Конституциялық заңның және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңның негізгі тұстары ұсынылды.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Қытай екіжақты ынтымақтастығының ағымдағы ахуалы, еліміздің инвестициялық әлеуеті, осы жылдағы жоғары және аса жоғары деңгейдегі сапарлардың қорытындылары, «Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы» шеңберінде өткізіліп жатқан іс-шаралары, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы ағымдағы төрағалығының негізгі басымдықтары туралы айтып берді.

Баспасөз брифингіне «Жэньминь Жибао», «Сһіnа Daily», «Global Times», «Beijing Daily», «Beijing News», «Синьхуа» газеттерінің, «Қытай», «Foreign Economic Relations & Trade», «World Affair Pictorical» журналдардың, «CGTN», «CCTV4», «Феникс», «Dagong global credit rating Co.ltd» телеарналардың, сондай-ақ «The Paper», «Financial Times», «China Online» және «Sina Online» жаңалықтар интернет-порталдардың өкілдері қатысты.