Бейжіңде Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100-жылдығына орай «Қан мен тер» кітабы талқыға түсті

Бейжіңде Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100-жылдығына орай «Қан мен тер» кітабы талқыға түсті

Бейжің, 2024 жылғы 16 наурыз – Қазақстан Республикасының Елшілігі «KSAC»-тың (қазақстандық студенттердің Қытайдағы қауымдастығы) студенттерінен құралған «Оқырмандар клубымен» бірлесіп Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100-жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара аясында Ә.Нұрпейісовтің шығармашылық жолына талдау жүргізілді, әлемге танымал «Қан мен тер» трилогиясы жеке талқыланды,  автордың өзектілігін әлі күнге дейін сақтап келген әдебиетке қосқан үлесі қарастырылды.

Сұхбат барысында студенттер «Қан мен тер» шығармасында баяндалған Қазақстанның әртүрлі тарихи кезеңдеріндегі адамдар арасындағы қарым-қатынасты ашатын ұлы жазушының шығармалары туралы пікір алмасты.