Шэньчжэнь қаласы Қазақстанмен байланыстарды нығайтуға мүдделі

Шэньчжэнь қаласы Қазақстанмен байланыстарды нығайтуға мүдделі

Бейжің, 2024 ж. 14 наурыз – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев Шэньчжэнь қаласының (Гуандун өлкесі) Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесінің басшысы Цао Сайсяньмен кездесу өткізті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Шэньчжэнь қаласы арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, жоғары технологиялар, қаржы, инвестициялар, жасыл энергетика, туризм салаларындағы ықпалдастықтың перспективалары талқыланды.

Өңіраралық байланыстарды нығайту мақсатында Шэньчжэнь қаласы еліміздің қалаларымен бауырластық қатынастарды орнатуға және түрлі салалардағы байланыстарды нығайтуға қызығушылық білдірді.

Сонымен қатар, алдағы «Қазақстанның Қытайдағы туризм жылын» және өнер ұжымдарының гастрольдерін қамтитын іс-шаралар кестесі бойынша пікір алмасылды.

2023 ж. қорытындысы бойынша Шэньчжэнь қаласының жалпы ішкі өнімі 480 млрд. АҚШ долл. асты (+5,8%). Шэньчжэнь Қытайдың жоғары технологиялар саласындағы алдыңғы қатардағы қаласы болып саналады.

Қытайдың ең алғашқы «арнайы экономикалық аймағы» Шэньчжэнь қаласында ашылған. 

2021 ж. Алматы мен Шэньчжэнь қалалары арасында өзаратүсіністік туралы меморандумға қол қойылған.