Қазақстандық төрағалық кезінде «ШЫҰ Экология жылы» белсенді ілгерілетуде

Қазақстандық төрағалық кезінде  «ШЫҰ Экология жылы» белсенді ілгерілетуде

Бейжің, 2024 жылғы 26 ақпан – Шаңхай ынтымақтастық ұйымында ҚР төрағалығы шеңберінде (2023-2024 жж. шілде) ШЫҰ Хатшылығында «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердегі экологиялық қауіпсіздік» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті, демек бұл «ШЫҰ Экология жылын» (2024 ж.) бастаған іс-шара болды.

ШЫҰ Хатшылығы жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі жүргізген іс-шараға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдері, Қытайдағы Біріккен Ұлттар Ұйымының, ҚХР Экология және қоршаған орта министрлігінің, сондай-ақ Қытай қоғамдық ұйымдары мен іскер топтарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің қатысушыларына ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың бейне-үндеуі жолданды. Ол Қазақстанның экология саласындағы басты басымдықтары, сондай-ақ елдегі қоршаған ортаны қорғауға арналған жоспарлары туралы айтып, табиғи апаттар ШЫҰ барлық елдері үшін ортақ экологиялық проблема екеніне назар аударды. Сондықтан Қазақстан экологиялық қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін Ұйымның, оның ішінде бақылаушы елдер мен сұхбат бойынша серіктес елдердің күш-жігерін біріктіруге шақырды.

ҚХР Экология және қоршаған орта министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Цуй Даньдань өз сөзінде Қытайдың барлық елдермен ниеттестік пен ынтымақтастық негізінде экологиялық өркениеттің іргетасын қалау үшін жұмыс істеуге, сондай-ақ жаһандық және өңірлік экологиялық қауіпсіздікті қолдауға оң үлес қосуға дайын екендігін білдірді.

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Джанеш Кейн дөңгелек үстел 2023-2024 жылдары ШЫҰ-ға қазақстандық төрағалық ету кезеңіне арналған бірлескен іс-шаралар жоспары ауқымында өткізіліп жатқанын жеткізді. Осы орайда, ол 2024 жылы жарияланған «ШЫҰ экология жылы» аясында ұйымның экологиялық күн тәртібін ілгерілетуге үлес қосатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта Ұйымның экологиялық күн тәртібінің мазмұнын толтыру, оны өнімді және сапалы контентпен байыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

БҰҰ-ның Қытайдағы саяси және бейбітшілік мәселелері жөніндегі департаментінің кеңесшісі Марина Лоран ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердегі экологиялық қауіпсіздікке арналған дөңгелек үстелдің дер кезінде өткізіп отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел аясындағы тақырыптарға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдері, Бүкілқытайлық қоршаған ортаны қорғау федерациясының және ШЫҰ елдерінде экологиялық жобаларды іске асырып жатқан компаниялардың басшылары да сөз сөйледі.

ШЫҰ Хатшылығы жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Нұрлан Аққошқаров өз сөзінде Ұйымның экологиялық күн тәртібін жүзеге асыруға бағытталған Қазақстанның маңызды іс-шаралары туралы баяндап берді.