Бейжіңде жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бейжіңде жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев Бейжің тіл және мәдениет университетінің ректоры Дуань Пэнмен кездесу өткізіп, тараптар жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ гуманитарлық ғылымдар саласындағы қазақстандық кадрларды даярлау келешектерін талқылады.

Ш.Нұрышев қазақстандық студенттердің қытай тілін үйренуге қызығушылығын және қазақстандық университеттермен ынтымақтастықты дамытудың кең әлеуетінің болуын атап өтті.

Өз тарапынан Дуань Пэн университеттің қытай тілін білетін кәсіби аудармашылар мен мамандарды даярлау бағытындағы жүзеге асырылып жатқан жобалары туралы хабардар етіп, биылғы жылғы қыркүйектің ортасына жоспарланған Қазақстан Республикасына сапары туралы, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен өзара іс-қимылды жолға қою келешектері туралы хабарлады.

Сонымен қатар, ректор Циндао қаласында «Синология орталығы» ашылғанын және қазақстандық студенттерге арналған гранттар санын арттыруға дайын екенін мәлімдеді.

Кездесу барысында қос елдің әдеби шығармаларын өзара аудару саласындағы жобаларды іске асыру, Бейжің тіл және мәдениет университетінің аумағында белгілі бір қазақ ғалымы немесе ойшылының мүсінін орнату, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы алмасуды жандандыру мәселелері талқыланды.

 

Бейжің тіл және мәдениет университеті (BLCU) - ҚХР Білім министрлігінің тікелей басқаруындағы негізгі мемлекеттік университет, ол «Біріккен Ұлттар Ұйымының шағын ұйымы» деп те аталады.

Университет Қытай және басқа да шет тілдерін халықаралық оқытуды ұсынатын әлемге әйгілі университет болып табылады.

Университеттің ізашары 1962 ж. құрылған және 1964 ж. Бейжің тіл институты болды. 1996 жылы ол Бейжің тіл және мәдениет университеті болып өзгертілді.

BLCU түлектері әлемнің көптеген көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, оның ішінде 1983-1984 ж.ж. осы университетте тілдік тағылымдамадан өткен ҚР Президенті

Қ. К. Тоқаев болып табылады.