Құрметті Қытайда оқитын қазақстандық студенттер!

Құрметті Қытайда оқитын қазақстандық студенттер!

Қазақстандық студенттерге Қытайдың жоғары оқу орындарында күндізгі оқуды қайта бастау үшін Қытай Халық Республикасының аумағына кіруге рұқсат алу бойынша жұмыс жалғасып жатқанын хабарлаймыз. Қазіргі кезеңде екі елдің білім министрліктері қазақстандық студенттерді қайта тіркеу рәсімін жүргізуде.

Осыған орай, студенттердің тізімін жасақтау және оны қытайлық тарапқа жолдау мақсатында қоса беріліп отырған кестені толтырып, 2022 ж. 24 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мына электрондық мекенжайына жіберу қажет: o.makhmutuly@edu.gov.kz

Аталған тізімнің негізінде Қазақстандағы Қытайдың дипломатиялық мекемелерінде (Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында) қазақстандық студенттерге оқу визасы рәсімделетін болады. Оқу визасына қойылатын талаптар ҚХР-дың ҚР-дағы Елшілігінің ресми сайтында орналастырылған (http://kz.china-embassy.gov.cn/rus/lsfw/202205/t20220530_10694653.htm).

Қосымша: 

Кесте үлгісі