Қытай тарапымен әртүрлі деңгейде өткізілген тұрақты келіссөздердің нәтижесінде Қазақстан азаматтары үшін ҚХР-дың белгілі бір санаттағы визаларын рәсімдеуді қайта бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Бұл ретте, Қытай Халық Республикасының Нұр-Сұлтан қаласындағы Елшілігі мен Алматы қаласындағы Бас консулдығында төменде көрсетілген талаптарға сай келетін Қазақстан азаматтары үшін ҚХР визалары беріледі:
Сонымен қатар, қытай тарапы 2022-2023 оқу жылына қазақстандық студенттердің Қытай аумағына келіп оқуларын жалғастыруы бойынша өзара тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді. Студенттерге оқу визасын рәсімдеу үшін «жасыл дәліз» (жеңілдетілген тәртіп бойынша) ашу туралы келісімге қол жеткізілді.
Бұдан бөлек, Қытай тарапынан азаматтардың құжаттарын консулдық заңдастыруға қабылдау бойынша келісім алынды. Өтініш берушілер алдымен тиісті құжаттардың сканерленген топтамасын Нұр-Сұлтандағы ҚХР Елшілігінің немесе Алматыдағы ҚХР Бас консулдығының электрондық поштасына жіберуі қажет (ҚР азаматының төлқұжаты, ҚР Сыртқы істер министрлігі куәландырған құжаттар, толтырылған сауалнама және т.б.). Электрондық поштаға жіберілген құжаттардың топтамасы дұрыс болса, тиісті консулдық алымды төлеп, құжаттардың түпнұсқасын консулдық бөлімнің мекенжайына жіберу керек. Құжаттарды қарау мерзімі – 7 жұмыс күнін құрайды.
Қытай визаларын алу, сондай-ақ құжаттарды заңдастыру туралы толық ақпаратты Қытай Халық Республикасының Елшілігі мен Бас консулдығының веб-сайттарынан келесі сілтемелер бойынша алуға болады:
http://kz.china-embassy.gov.cn/rus/lsfw/202205/t20220530_10694650.htm
http://kz.china-embassy.gov.cn/rus/lsfw/202205/t20220530_10694653.htm
http://almaty.china-consulate.gov.cn/rus/lsyw/202205/t20220525_10692606.htm
Сонымен қатар, Қытай аумағына кіру үшін https://hrhk.cs.mfa.gov.cn/H5/ веб-сайтына тіркеліп, арнайы форманы толтыру арқылы «Жасыл кодты» алу талабының сақталатынын атап өтеміз.
Аталған порталға келесі құжаттардың көшірмелері жүктелуі тиіс:
Ұшаққа отырудың алдында IgG және IgM антиденелеріне тест тапсыру қажет емес. Толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы алуға болады:
(http://kz.china-embassy.gov.cn/rus/lsfw/202205/t20220530_10694657.htm).
Сондай-ақ ҚХР-дағы эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, шетелден Қытайға келетін барлық азаматтар өз қаражаты есебінен арнайы қонақүйде 14 күндік карантиннен өтуі қажет. Шетелден келген азаматтар қонақүйге тіркелу барысында қытай және ағылшын тілдерінде бекітілген карантиндік шараларды сақтау туралы міндеттемеге қол қоюы тиіс.