Қытайда Қазақстанға инвестиция тарту жөнінде белсенді жұмыс жалғасуда

Қытайда Қазақстанға инвестиция тарту жөнінде  белсенді жұмыс жалғасуда

Бейжің, 2021 ж. 22 желтоқсан – Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның Қытайдағы өкілдігімен бірлесіп, «Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастық: жағдайы және болашағы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Қытайдың шетелдегі кәсіпорындарды дамыту қауымдастығы, China Construction Bank (China Fortune 500 рейтингінде 7-ші орын), CITIC Construction Co., Ltd, China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Co., Ltd, China National Machinery Imp.&Exp. Corp, China Power International Development Ltd сияқты Қытайдың жетекші банктері мен ірі кәсіпорындардың басшылары және т.б. қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар назарына Қазақстанның экономикалық дамудағы жетістіктері, Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастығының перспективалық бағыттары, сондай-ақ ҚР Үкіметінің елдегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту жөнінде қабылдаған шаралары және Қазақстанның инвестиция тарту бойынша 30 жылдық жұмысының нәтижелері ұсынылды.

Өз кезегінде ҚХР іскер топтарының өкілдері компаниялардың өткен жылдағы жұмысының қорытындылары туралы хабарлады, Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі дамыту жөнінде өз пікірлерін ұсынды, сондай-ақ қазақстандық компаниялармен жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.