Бейжіңде Қазақстанда ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру келешектері талқыланды

Бейжіңде Қазақстанда ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру келешектері талқыланды

2026 жылғы 15 сәуір, Бейжің – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев Қытайдың «China Gezhouba Group International Engineering» компаниясының Басқарма төрағасы Лю Хуайляньмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда бірлескен инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың ағымдағы жай-күйі мен келешектерін талқылады. Қытай тарапының су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға қатысуына ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, Қ.Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су құбырын салу жобасы, оның ішінде №4 сорғы-сүзгі станциясын салу мәселесі талқыланды. Тараптар аталған жобаның елорданың су қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтіп, оны іске асырудың барлық кезеңдерінде конструктивті өзара іс-қимылға дайын екендіктерін растады.

Компанияның Қазақстанда жобаларды іске асыру тәжірибесі бар екендігі атап өтілді. 2018 жылы Қызылорда облысында тампонажды цемент өндіру бойынша инвестициялық жоба іске асырылды (инвестиция көлемі 177 млн АҚШ доллары).

«China Gezhouba Group» - «China Energy International Group» компаниясының еншілес ұйымы болып табылады. Компания энергетика, гидроэлектр станциялары, су қамтамасыз ету және ағынды суларды тазарту салаларында жоғары деңгейдегі құрылыс және пайдалану тәжірибесі мен мүмкіндіктеріне ие. Су қамтамасыз ету саласында компания ҚХР-да жалпы қуаты тәулігіне 4,5 млн тонна суды тазартатын 90-нан астам су тазарту станцияларының жұмысын қамтамасыз етеді. Компания Катар, БАӘ, Бразилия, Ирак, Гана және басқа елдерде су қамтамасыз ету жобаларын табысты жүзеге асырды.