
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы азаматтары төмендегі мекенжайларда орналасқан референдум учаскелерінде өздерінің конституциялық құқықтарын іске асыра алады:
- №421 референдум учаскесі – 北京市朝阳区三里屯东六街9号,#9, Sanlitun East Sixth Street, Chaoyang District, Beijing (байланыс деректері: +86 (010) 653-22-636, pekin@mfa.kz);
- №458 референдум учаскесі – 上海市长宁区娄山关路85号A座1005室, 1005, Block A, #85 Loushanguan Road, Changning District, Shanghai (байланыс деректері: +86 186-2127-7107, shanghai@mfa.kz);
- №510 референдум учаскесі – 西安市灞桥区浐灞大道866-3号, 866-3, Chanba Avenue, Baqiao district, Xi`an (байланыс деректері: +86 29-8808-1867, xian@mfa.kz);
- №457 референдум учаскесі – 25/F, Wyndham Place, 40-44 Wyndham Street, Central, Hong Kong (байланыс деректері: +852-2548-3841, hongkong@mfa.kz);
Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде сіздің деректеріңіздің болуы сайлау құқығын іске асырудың кепілі. Дауыс беруге арналған учаскеде референдумға қатысуға құқығы бар адамдардың тізіміне ҚР азаматтарын енгізу үшін оның осы учаскенің аумағында тіркелу фактісі негіз болады.
№421, 457, 458 және 510 референдум учаскелерінде алдын ала тіркелу үшін жоғарыдағы байланыс деректер арқылы хабарласуды сұраймыз.
Референдумда дауыс беру бюллетеньдер арқылы жүзеге асырылады.
Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының: www.election.gov.kz сайтынан алуға болады.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі.