ҚР мен ҚХР арасындағы тау-кен металлургия саласындағы ынтымақтастық келешектері талқыланды

ҚР мен ҚХР арасындағы тау-кен металлургия саласындағы  ынтымақтастық келешектері талқыланды

Бейжің, 2026 ж. 12 ақпан – ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің Кеңесші-уәкілі Қуаныш Амантай тау-кен металлургия және химия салаларында қызмет атқаратын «Shenzhen Yite Holdings Group» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Чэнь Таомен кездесті.

 Кездесу барысында Чэнь Тао компанияның негізгі бағыттары туралы ақпарат беріп, Қазақстанда жобаларды іске асыру жоспарларымен бөлісті. Тараптар тау-кен металлургия саласындағы ынтымақтастық келешектерін, соның ішінде кен орындарын игеру және минералдық шикізатты қайта өңдеу мәселелерін талқылады.

Қ.Амантай Қазақстанның бейінді мемлекеттік органдарымен және іскер топтарымен байланыс орнатуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Тараптар жақын арада Компания басшылығының еліміздің әлеуетін зерделеу үшін Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға келісті. 

Анықтама: «Shenzhen Yite Holdings Group» – штаб-пәтері Шэньчжэнь қаласында (Гуандун провинциясы, ҚХР) орналасқа көпсалалы компания. Компания төрт бағыт бойынша қызмет атқарады: химия өнеркәсібі, кен орындарын игеру және түсті металдарды өңдеу, жеткізу тізбегін басқару және жаңа энергетика. Топ геологиялық барлау, өндіру, байыту, металлургиялық қайта өңдеу, қойма логистикасы және халықаралық сауданы қамтитын кешенді өндірістік-логистикалық жүйе қалыптастырған.

Компания құрамына Шэньчжэнь, Наньнин, Гонконг, Сингапур және Африка елдерінде жұмыс істейтін 13 еншілес компания кіреді. Қызметкерлер саны 10 мыңнан асады. Компания дербес экспорт-импорт құқықтарына ие және өнімдерін Азия, Еуропа, Африка және өзге де өңірлер нарықтарына жеткізеді.