
Гуанчжоу, 2026 ж. 10 ақпан – Қазақстанның Гуанчжоудағы Бас консулы Уалихан Сәрсембеков Гуандун өлкесі Юньфу қаласы Сыртқы істер жөніндегі кеңсесінің басшысы Линь Шуимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Юньфу қ. арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, аграрлық, мәдени және туристік салалардағы ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады. Арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық парктердің әлеуетін пайдалану арқылы бірлескен жобаларды іске асыру тетіктеріне, сондай-ақ өңірлер арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде У.Сәрсембеков «Алатау» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық тартымдылығын атап өтіп, қытайлық компаниялардың қатысуымен бірлескен жобаларды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.
Линь Шуи «Алатау» арнайы экономикалық аймағына сапар жасауға қызығушылық білдіріп, Юньфу қ. тарапынан аграрлық сектор, тамақ өнеркәсібі, тот баспайтын болаттан жасалған бұйымдар өндірісі, химия өнеркәсібі және электрондық компоненттер өндіру бағытындағы кәсіпорындарды ұсынуға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Қазақстанның бай минералдық-шикізат базасын және Юньфу кәсіпкерлерінің кен орындарын игеру мен тас өңдеу саласындағы тәжірибесін ескере отырып, тау-кен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық әлеуеті атап өтілді.
Анықтама: ҚХР-дың статистикалық органдарының ресми деректеріне сәйкес, 2025 ж. қорытындысы бойынша Юньфу қ. жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 187 млрд АҚШ долл. құрады. Қаланың экономикалық құрылымы қызмет көрсету секторының басымдығымен, сондай-ақ өнеркәсіп пен аграрлық сектордың тұрақты дамуымен сипатталады. Тұрақты тұрғындар саны шамамен 2,4 млн адамды құрайды.