
Бейжің, 2026 жылғы 21 қаңтар – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрінің көмекшісі (министрдің орынбасары деңгейінде) Лю Биньмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Елші сұхбаттасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың V-ші Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінің негізгі мазмұнымен және жалпыұлттық референдумға шығарылатын Қазақстанның конституциялық ауқымды өзгерістерімен таныстырды.
Ш.Нұрышев Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және «Әділетті Қазақстанды» құруға бағытталғанын атап өтті.
Лю Бинь өз кезегінде Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің барысын оң бағалап, екі ел арасындағы өзара сенімнің жоғары деңгейін атап өтті.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, екіжақты және көпжақты форматтар шеңберінде саяси диалогты кеңейтуге және ынтымақтастықты ілгерілетуге өзара мүдделілігін растады.