
Гуанчжоу, 2025 жылғы 30 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы Бас консулы Уалихан Сәрсембековтың Оңтүстік Қытай технологиялық университетінің проректоры, Партия комитеті хатшысының орынбасары Ли Вэйцинмен кездесуі өтті.
Іс-шараға Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтының (KazADI) халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Диас Мырзаханов қатысты.
Кездесудің барысында жоғары білім беру, академиялық алмасу және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы саласындағы қазақ-қытай өзара іс-қимылын дамыту келешектері талқыланды. Университетте оқитын қазақстандық студенттер санының тұрақты өсуі байқалуда, қазіргі уақытта олардың саны 31 адамды құрайды.
Қытай тарапы академиялық ұтқырлықты кеңейтуге, ғылыми байланыстарды дамытуға және қазақстандық жоғары оқу орындарымен, оның ішінде Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтымен ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық білдірді.
Кездесудің қорытындысы бойынша білім беру және ғылыми салалардағы нақты бірлескен жобаларды іске асыруға өзара дайындығы расталды.