Бейжің тіл және мәдениет университетінің ректорына II дәрежелі «Достық» ордені табысталды

Бейжің тіл және мәдениет университетінің ректорына  II дәрежелі «Достық» ордені табысталды

Бейжің, 2025 жылғы 23 желтоқсан – Мемлекет басшысының 2025 жылғы 3 қарашадағы №1074 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде Бейжің тіл және мәдениет университетінің ректоры Дуань Пэнды ҚР мемлекеттік наградасы - II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік награданы ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев табыстады.

Рәсімнің барысында Елші Дуань Пэнның қазақ-қытай гуманитарлық және білім беру ынтымақтастығын дамытуға, сондай-ақ академиялық алмасуларды кеңейтуге қосқан елеулі үлесін атап өтті. Қытай тілін білетін мамандарды даярлаудың жетекші орталықтарының бірі ретінде Бейжің тіл және мәдениет университетінің Астанадағы филиалының рөлі ерекше атап өтілді.

Кездесудің аясында ғылым-білім беру саласындағы өзара іс-қимылдардың келешегі, соның ішінде оқытуда жасанды интеллект технологияларын дамыту, білікті лингвист-қытайтанушыларды даярлау, сондай-ақ бірлескен академиялық бағдарламаларды кеңейту сұрақтары талқыланды.

Өз кезегінде Дуань Пэн қолданбалы лингвистика және цифрлық оқыту саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері туралы айтып, қазақ білім беру және ғылыми мекемелерімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қызығушылық білдірді.

Марапаттау рәсімі Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру ынтымақтастығының жоғары деңгейінің кезекті дәлелі болды.

Анықтама: Бейжің тіл және мәдениет университеті 1962 ж. құрылған және Қытайдағы шетелдік азаматтарға қытай тілін, мәдениетін және халықаралық коммуникацияны оқытуға мамандандырылған жетекші жоғары оқу орны болып табылады

2024 ж. 3 шілдеде Астана Халықаралық университетінің негізінде Бейжің тіл және мәдениет университетінің Астана қ. филиалының салтанатты ашылуы өтті.